Иманәлі Байдәулетов: «Халық денсаулығы – елбасының назарында» - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Елбасы мақаласы

Қазіргі күні әлем бойынша инфекция таралуынан зардап шекпеген ел кемде-кем. Дей тұрғанмен, Қазақстан аты жаман осы індетпен күреске ең алғашқылардың бірі болып кіріскенін ерекше атап өтуге тиіспіз. Осы тұста індетті таратпаудың барлық барлық жағдайы жасалып, әр азаматтың денсаулығы мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында сақтық шаралары қолданылып, санитарлы-профилактикалық тәртіп орнағаны мәлім.

Осы орайда, елімізде медицина саласының жетіліп, заманауи технологиямен жабдықталуына Елбасының қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлының айрықша көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанда бұл салада қуатты база жасақталды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өмірлік маңызы бар бұл саланың дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде қазір жаһандық індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Билік басындағы жауапты азаматтар коронавируспен күресуге барынша күшін салуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында дүниежүзіне ауыртпашылық түсірген індетті халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында жеңіп шығатынымызды айтты. Өз мақаласында Елбасы: «Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ» деп халықты қиын сәтте бірлесе әрекет етуге шақырды.

Халықтың денсаулығын жақсартып, өмір сапасын арттыру – Елбасы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Сондықтан, ауызбіршілік танытып, Елбасы мақаласында айтылған мәселелерді басты назарда ұстауымыз керек. Сонда бұл індетті бірге жеңетін боламыз.

0 Пікір Кіру