Bugin

Газет әлде ғаламтор...

БАҚ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл сұрақ дұрыс жауапты қажет етіп, баршаны толған­дырып қана қоймай, қоғамның өзекті мәселесіне де айнал­ғаны бәрімізге мәлім. 

Қоғамның зама­науи бағытқа бет бұруының әсерінен қазіргі жастар газет атаулыны ұмытып бара жатқан­дай. Әрине, көпке топы­рақ шашпайын, дегенмен қазірде жас-кәрінің де интернетке тәуелділігі басым. Елімізде сан түрлі газет жұмыс істеп жатыр, тіпті солардың біреуінің де атын білмейтіндер баршылық. Байқа­сақ, шет елдерде газет жұмысына жақсы көңіл бөледі және қара­пайым xалықтан бастап, күнде таңертең интернеттен бұрын газеттен жаңа­лық оқып бастай­ды. Бұл олардың өмірінде әдет, дағды болып қалыптасқан.

Бүгінде ғаламтордың жақ­тау­шылары көбіне жастар. Қашан, қай жерде болмасын, қолдарында интернеті қосылған қалта телефо­ны. Бұл олардың қоғамнан алыстап бара жатқан­дығының тағы бір себебі. Онымен қоса, доста­рымның өмірді танып білуге, айналада болып жатқан өзгерістер мен жаңа­лықтардан алшақтап бара жатқаны да жаныма батады.

Олардың  не көріп, не тың­дай­тындарын білгім келетін. Бірі оқу үстінде «В Контакте» сай­тында, ал екіншісі «Іnstagramда», басқа да әлеуметтік желілердің майын тамы­зып отырғандарын, енді бірі сол телефондағы интернетінен мән-мағынасы жоқ ойын ойнап отырға­нын көргенде таңқалдым. Түрле­ріне қарасам  екі езулері құлақ­тарында, өзде­рінше мәз.

Ақылшысымақ болғаным емес, мен де интернет пайдала­нушы­лардың бірімін. «Whats­App» желі­сін xабар алмасуға, ақпарат алуға да пайдалы жағын қолданамын. Алайда, интернетке кірдім деп өз болаша­ғыңды, өз ісіңді ұмытудың қажеті не? Қазір шығарма, эссе жаза алмай­тын оқушылар да бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интер­нетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы деп ойлай­мын. Интернет болсын, газет-журналдар бол­сын, өзіңе керектісін алып пай­даға асыру.

Болашақ журналист маманы болған­дықтан әр түрлі газеттерге мақалалар беріп, пайдама асы­рып, тәжірибе жинап жатқа­ным­ды жасырмаймын. Әр мақалам шыққан сайын жас балаша қуанып, әрдайым қол­дап, көме­гін аямайтын ұстаз­­дарыммен, сынып­тас достарыммен бөлісіп отырамын. Ұстаздардың менің шығармашылығыммен қана­ғат­танып, мақтан тұтаты­нын сезе­мін. Ал әлгі интер­нетке, әлеумет­тік желілердің құр­сауын­да қал­ған бірен-саран достарым­ның менің мақала­ларыма тіпті бұры­лып та қарамай­тын­дарына на­лып кете­мін. Оларда менің мақа­лам тұрмақ, газетті сый­лауға деген құрметтің жоқтығын бай­қаймын. Газет ішіндегі мақа­лаларға, өлең­дерге, тіпті болма­сын көпшілік қызығып қарай­тын ко­микс әңгімелерге де мойын бұрмай­тынын түсіне алмаймын.

«Газет, әлде интернет?» Екеуі­­нің де пайдалы да тиімді жағын қолдана білсек деймін.