Саясат

Шымкенттің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметке тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы  - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастады. 1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Жолаушылар тасымалы" еншілес кәсіпорын директоры, "АНПЗ" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

2002-2016 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды.

 2017 жылдың 7 қарашасында Шымкент қаласының әкімі болып  тағайындалды. 2018 жылғы 20 маусымда бұл қызметке Ғабидолла Әбдірахымов келді. "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған. 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61