Шымкент: Мектеп тапшылығы кезең-кезеңмен шешіледі - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Білім беру

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті.

Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді.

- Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген маниторинг нәтижесінде  мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда жеке меншік мектеп ашамын деген кәсіпкерлерімізге өте зор мүмкіндік болмақ. Жеке меншік мектеп ашамын деген кәсіпкерлерге қаржыны көп талап етпейтін тетіктер қарастырылған. Яғни, қаламызда бос тұрған ғимараттарды жалға алу арқылы, санитарлық нормаларын сақтай отырып, мектептер ашуға болады - деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы.

Ж.Тәжиеваның мәлімдеуінше, Білім және ғылым министірлігінің тапсырмасына сәйкес, балабақшалардың сапасына қатысты қыркүйек айынан бастап лицензиялау талаптары қарастырылған. Бала тәрбиесіне салғырт қарап, кейбір санитарлық талаптардың сақтамаған балабақшалар жабылатын болады.

Сондай-ақ брифингте басқарма басшысы елімізде жарияланған төтенше жағдайға қатысты қаламыздағы оқу сабақтары кестеге сәйкес онлайн түрінде жүргізіліп жатқандығын баяндап, білім сапасы басты назарда екендігін атап өтті.

0 Пікір Кіру