COVID-19
Ғалымдар жаңа әдіс ойлап тапты
Дереккөз мәліметінше, Канададағы Джек Ади онкологиялық орталығының медициналық физика бөлімінің ғалымдары рентген сәулелерінің төмен дозаларының пневмониядан болатын өлім-жітімді орташа есеппен 20 пайызға төмендету мүмкіндігі туралы мәлімдеген.
Сондай-ақ бұрын жануарларға жүргізілген сынақтар пневмонияның жедел кезеңі екі есе қысқаруы мүмкін екенін көрсетті.
"Пневмония инфекцияға иммундық жауап ретінде пайда болады, альвеолалар қабынып, сұйықтық шығарады, газ алмасу функциясын бұзады. Вирустық инфекциямен қабынуға қарсы цитокиндер мен химокиндерді синтездеу үшін иммундық жасушалар пайда болады. Жинақталған деректер радиацияның төмен дозаларынан туындаған қабынуға қарсы әсерді көрсетеді", - делінген мақалада.
Бұл әдіс АҚШ-та коронавирус жұқтырған 10 науқасқа жүргізілген екен. Нәтижесінде жұқтырғандар үш күн ішінде-ақ өздерін жақсы сезінген.