Weekend

Өзгерте алмайтын нәрсеге энергия жұмсамайық

Телеарналардағы ток-шоулардың мақсаты не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында сыныптас досым Whats-App желісінде түнгі 00:00-дер шамасында жазып отыр. Түн жарымда көптен хабарласпаған досыма не болып қалды екен деп ойладым. Жауап жаздым. Сұрағын күттім. Күтіп отырып ұйықтап та қалыппын. 

Сондағы сұрағы не десеңіздерші "Ақнұр, Ninty-One-ға деген көзқарасың қалай?". Жауабым, бетін жауып тұрған қыздың смайлы болуы керек еді, бұл жерден таба алмадым. 

Түн ортасында оянып кетіп, шабытым келім бар ойымды, көзқарасымды жазып жібердім. Ол жігіттің бұл топқа деген көзқарасын өзім де біліп тұрмын. Барынша түсінікті етіп жазуға тырыстым. 

Сол жауабымды осында да жазғым келеді. Тек ол ерекше топқа байланысты емес, көптеген біз негізінде жақтырмайтын, қазаққа жат деп айтатын атақтыларға байланысты пікірім деп қабыл алыңыздар. Менің ол топқа деген пікірім өте жақсы. Әндерін тыңдаймын. 

Біріншіден, "Өзің өзгерте алмайтын іске, энергияңды жұмсама" деген, Қуаныш Шонбайдың жақсы сөзі бар. Біз оны айтайық, талқылайық, бәрібір сұраныс бар. Ештеңе жасай алмаймыз. Оны тыңдап жүрген жастардың талғамын өзгерте алмаймыз.

Екіншіден, "Ninty-One" сенің өміріңе қандай зиян келтіріп жатыр деген сұрағына сұрақ қойдым.  Жаман нәрсені дәріптеп жүрген жоқ қой, одан да өз үйіміздегі іні қарындастарымызға ненің дұрыс ненің бұрыс емес екенін бір түсіндіріп қойсақ болады. 

Үшіншіден, ұнамайтын нәрсені жариялап одан сайын жарнамалаудың қажеті де шамалы. 

Мейлі сіз келіспейтін боларсыз менің пікіріммен. Біз айтпасақ, сен айтпасаң, кім айтады деуіңіз мүмкін. Дұрыс айтасыз. Мүмкін. Бірақ 23  жасар өз өімірінің кірпішін енді ғана қалап жатқан жігітке, анаған-мынаған бас қатыруына уақыты болмауы керек деп ойлаймын. Мейлі, білімің бар, табысың бар, жеке өмірің бар, бәрі жақсы, балаларыңа айтатын өнеге сөзім де бар, ұялмаймын, енді елдің ұлттың қамын ойлайтын уақыт келді ғой дейтіндер де боларсыз. Ол кісілерге, біздің қоғамда одан басқа да мәселелер жетерлік, жақсылықты жарнамалаңыз дер едім. 

Мен де кезінде өте атақты Ток-шоуға қарсылығымды білдіріп, көптеген посттар жаздым. Маған пайдасы жоқ нәрсе екенін кейін түсіндім.  Халықты тәрбиелейтін, пікірін өзгертетін мен емес екенмін әлі. Мен оданда өзімді тәрбиелеп, еліміздің көзі ашық халқының бірі болайын деген шешімге келдім. Оның дұрыс емес екенін білемін, жарнамалаудың қажеті жоғын кейін түсіндім. 

Сол сияқты, қалай аты шығып кеткені белгісіз "әлеуметтік желіні шулатты" деп біз әлі танып көрмеген "тұлғаларды" бағдарламаларға шығарып жүр. Шығарып алып, соңында еш шешімі жоқ айқау шуға толы бағдарлама болады. Сонда кім не пайда тапты соны түсінбеймін...