Шымкент

Шымкенттік шаруалар экспортты дамытуда

Шетел нарығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кез келген елдің экономикасын дамытуда экспорттың рөлі айрықша. Шетелге отандық тауарларды шығару арқылы елдің нарықтық қатынастары дамиды.

Біздің елде ауышларуашылық өнімдерін экспорттау бойынша Шымкент көш бастап тұр. Тек қана биыл шымкенттік  әлемнің 11 еліне тонналап тауар шығарған. Яғни, жыл басынан бері 73,6  млн АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдері шетел асты.  Ал 2019 жылы шетел нарығына Шымкенттен 65,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылған екен.

Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға елдеріне Шымкенттен 72,3 тонна – ірі қара еті, 12,7 тонна – қой еті, 10,1 тонна – бал, 19,5 тонна – өңделген балық шығарылған. Сондай-ақ, картоптың – 25,2 мың, пияздың – 45,3, қырыққабаттың – 20, көкөністің – 558, жеміс-жидектің – 406,5 тоннасы жоғарыда аталған елдерге сатылды. Бұған қоса, 78,2 мың тонна – бидай,  4,5 мың тонна – арпа, 390 тонна – дәнді дақылдар, 6,1 мың тонна –майлы дақылдар, 110,6 мың тонна – ұн, 19,2 мың тонна – өсімдік майы, 986,1 тонна – макарон өнімдері және 74,5 тонна нан/кондитер өнімдері экспортталды.