Әлем жаңалықтары

АҚШ президентіне у салынған сәлемдеме жіберді деген күдікті ұсталды

АҚШ президентіне у салынған сәлемдеме жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трампқа уы бар сәлемдеме жіберді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

NBC телеарнасының мәліметіне сәйкес, күдікті Канададан АҚШ-қа кіргелі жатқан жерінде ұсталған.

Алғашында ұсталған адам туралы ақпарат болмаған. Кейін уы бар сәлемдемені әйел жібергені белгілі болды. Дереккөздің мәліметінше, күдікті Нью-Йорк штатындағы шекара өткелінде ұсталыпты. Әйелдің қаруы болған.

Айта кетейік, сенбіде федарал тергеу бюросының Вашингтондағы бөлімі Ақ үйге рицин уы бар сәлемдеме жіберілгенін хабарлаған еді. Ақ үйге жіберілген барлық пошта АҚШ президентінің резиденциясынан тыс аумақта тексеріледі.