Әлем жаңалықтары
Сіз Google қосымшасын қаншалықты жиі пайдаланасыз?
АҚШ Google-ға қарсы антимонополиялы іс қозғады. Бұл туралы АҚШ әділет министрінің орынбасары Джефф Розен мәлімдеген.
РИА Новости редакциясының мәліметінше, өндіруші компаниялар Google-дің іздеу жүйесі миллиардтаған мобильді құрылғылар мен компьютерлерге орнатылатындай келісімшартқа отырған. Әділет министрлігі оған бәсекелес қосымшалардың орнатылуы бұғатталғанын айтады. Оның үстіне Google-ға телефон арқылы кіру қиын болып жүрді.
Мысал ретінде Google және Apple компанияларының ұзақ мерзімге жасалған келісімшерттары көрсетілді. Онда Google-дің іздеу жүйесі Safari браузерінде орнатылған жалғыз құрал екені айтылған. Сонымен қатар, құжатта Google әрекеттерінің нарықтағы бәсекелестікке және тұтынушыларға айтарлықтай зиян тигізетіні жазылды.
«Бүгін таңда әділет министрлігі мен 11 штат Google-ға қарсы антимонополиялы іс қозғады. Оған қосымшаның жалпы қызметтерде заңға қайшы монополия әрі жарнамаға монополия құрғаны себеп болды”, - деп мәлімдеді Джефф Розен.
Құжатта көрсетілгендей, Google-дан айыппұл өндірілмеуі мүмкін, ең кемі, билік тұрғысынан бәсекелестікке зиян келтіретін әрекеттерді тоқтатуын талап етеді.
Ал Google министрліктің айыптауларын жоққа шығарды. Компанияның айтуынша, адамдар Google-дің іздеу жүйесін ешкімнің күштеуінсіз өз еріктерімен пайдаланады немесе оған балама қосымша таба алмайды.
Әр сот ісінің бәсекелестікке еш септігі тимейтінін де тілге тиек етті. Google-ға балама ретінде өзге “сапасы төмен” қосымшаларды қолдау телефон бағаларының қымбаттап, іздеу жүйесінде қиындықтар туатынын да ескертті.
Ал сіз Google-ді қаншалықты жиі пайдаланасыз?