Hi-Tech
Алғашқы медиаойнатқыш
2001 жылдың 21 қазаны Apple компаниясының жаңа серпін алған кезі болды. «ipod» - деп аталған алғашқы портативті музыкалық құралы жарық көрді. Медиаойнатқыш қатты дискісімен және флеш-жадысымен ерекшеленді. Тәулігіне 12 сағат қуаттауды қажет етпейтін, 5 ГБ-тық әуен сақтағыш жады бар туындының бағасы 57,895 теңгені құрады. Фрилансер-копирайтер қызметін атқарған компания жұмысшысы Винни Чиесо Одиссей фильміндегі кеме капсуласын өз құрылғыларына ұқсатып, ағылшынның «pod»- капсула сөзіне «i» әрпін жалғап «ipod» деп атаған екен.
Тұтынушылардың көңілінен шыққан тауардың жыл сайынғы сатылым деңгейі арта берді. Түр-пішіні жылдан-жылға өзгеріп отырған ойнатқыштың шеткі саны 2015 жылы шыққан болатын.
Айподтың айфонға сырттай ұқсас, ішкі функциясы мүлдем басқа саны – ipod touch.
Спортшылар мен музыка тыңдауды сүйгіштерге ұнамдысы әрі ең ыңғайлысы- ipod nano 6. Бар жоғы 21.1 гр салмақты құрайды.
Бүгінгі таңда құрылғылар желісінің қатарына: iPod classic, iPod nano, iPod touch, сондай-ақ экраны жоқ iPod Shuffle кіреді. Ipod - заманауи аудио ойнатқыштардың басым көпшілігі сияқты, USB интерфейсі арқылы сыртқы құрылғыны компьютерге қосу мүмкіндігін қолдайды. Плеерге музыканы ойнатуды тек қана Mac, Windows операциялық жүйелері үшін қол жетімді арнайы iTunes бағдарламасы арқылы жүзеге асыруға болады. Қолдау көрсетілетін пішімдері - WAV, AIFF, MP3, AAC.
4 жылдан бері капсулаға ешқандай жаңартулар енгізілмеді. Соған қарағанда, аудиоқұрылғының шарықтау шегі touch-пен аяқталатын секілді.