Қоғам

Қытайда өткен фестивальде қазақстандық фильм жүлде алды

Кино фестиваліне Қытайдан және әлемнің тағы 20 елінен келген кинорежиссерлерден 5000-нан астам өтінім келіп түскен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6-8 қараша аралығында Қытайда өткен VIII Азиялық қысқаметражды фильмдер фестивалінде қазақстандық кинорежиссер Арман Баймұратовтың «Өзгеріс» картинасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің шетелдік фильмдері арасында қысқа метр номинациясында үздік деп танылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Аталған субөңірлік қысқаметражды кино фестиваліне Қытайдан және әлемнің тағы 20 елінен келген кинорежиссерлерден 5000-нан астам өтінім келіп түскен.

Кинорежиссер Арман Баймұратовтың «Өзгеріс», «Во сне» және «Тупик» жұмыстары ШЫҰ қатысушы елдерінің қысқа метражды фильмдер бағдарламасында жарияланды, оның ішінде «Өзгеріс» фильмі VIII Asia Microfilm Art Festival қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.

Еске сала кетейік, Линьцандағы (Юньнань провинциясы, Оңтүстік-Батыс Қытай) Азиялық қысқаметражды кино фестивалінің тарихы 2013 жылдан бастау алады, ол әр күз сайын өтеді.