Bugin

Еңбекші ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Аудан әкімі Ғ. Ильясов аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарынан хабардар етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауданда санитарлық тазалық жұмыстары «Ақсемсер-СтройСервис», «Арнаулыавтокөлік», «Бәйтерек-Л.Б.», «Айдынбек», «Сервисная компания Азия Инжиниринг», «ТехЭкоСервис» ЖШС тарапынан көпқабатты секторда аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет жүргізілуде.

Ауданда көпқабатты сектордағы 117 қоқыс алаңшасының 20 метр аумағын тазалау, талапқа сай күтіп-ұстау, өзара ықпалдастық іс-әрекетті жүзеге асыру жөнінде «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-мен меморандум түзілген. Ал жеке сектор бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-ы және «Вейсалидзе», «Нұр-Олжа» ЖК-і кестеге сәйкес шығаруда. Аудан аумағында күл-қоқыстарды рұқсат етілмеген орындарға тастамау жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Ғ. Ильясовтың 9 айлық есебінде қала әкімі санитарлық тазалық жұмыстары бойынша бірқатар сын-ескертулер берген болатын. Аталған ескертулер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, кемшіліктер түзетілді. 

Сондай-ақ, ауданда «Көшелерді құрылыс қалдықтарынан тазалайық» акциясы жарияланған болатын. Бірқатар көшелерде  құм-тас, топырақ үйінділері анықталды. Заң талаптарына сәйкес, тұрғындарға 7 ескерту хаттама толтырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі