МӘДЕНИЕТ
Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова ән сайысында 2 орынды иеленді
12 жастағы қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова Junior Eurovision – 2020 сайысында 2 орынды иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
Биылғы жеңіс тұғыры Франция өкілі Валентинаға бұйырса, жүлделі 2 орынды испаниялық Солеа қанжығалады.
Жас әнші финалда орындаған «Forever» әнін 7 жасында айырылыған әкесіне арнады. Композиция авторы – Хамит Шаңғалиев. Айта кетсек, композитор бұған дейін Ержан Максимге «Арманыңнан қалма» әнін жазып берген.
Қарақат Башанова – Алматы облысы, Рысқұлов ауылының тумасы. Отбасында 3 қыз. Ол 5 жасынан ән айтып, 9 жасынан вокалмен айналысып келеді. Қазіргі уақытта жас әнші К.Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Бірқатар республикалық байқаулардың жеңімпазы әрі скрипка мен фортепианода ойнайды.
Ол анасына Санкт-Петербургтің ақ түндерін көрсетуді және сол қаланың үлкен сахнасында скрипкада ойнауды армандайды. Оның «Ақ құсым» әні You Tube желісінде 5 миллион қаралым жинаған. «Мәңгілік», «Ақ құсым» әндерінен бөлек, «Отан», «Арманыма жетемін» атты авторлық шығармалары да бар.
Толықтыра кетейік, Қазақстан бұл ән жарысына биыл үшінші жыл қатарынан қатысуда. 2018 жылы Данэлия Тулешова 6 орын, былтыр Ержан Максим 2 орынды иеленген болатын.