COVID-19
Коронавирус пневмониясымен ауыратындар саны күннен-күнге артуда
15 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 749 адам анықталды, 181 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы azattyq.org сілтеме жасап.
Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен.
Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (86) тіркелген. Павлодар облысында - 80, Алматы қаласында - 77, Қостанай облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері 143 735 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 159 адам Covid-тен қайтыс болған. 128 218 адам жазылған.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 44 155 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 767-і жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.
Қазір 13 мыңнан астам- коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 4 163 пациент стационарда жатыр. 251 адамның жағдайы - ауыр, 38 адамның жағдайы - өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.