Қоғам

ЮНЕСКО: Тоғызқұмалақ - адамзатқа ортақ мәдени мұра

ЮНЕСКО тоғызқұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп таныды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тоғызқұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, деп хабарлайды bugin.kz авторлар платформасы Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет тиісті ұсыныс үшін дауыс берді. Ол комитеттің 2020 жылдың 14-19 желтоқсаны аралығында онлайн режимде өтіп жатқан 15-сессиясы аясында өткізілді. Отандық делегация құрамында – Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері мен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы МЕММ бойынша Ұлттық комитеттің сарапшылары. Айта кетейік, Қазақстан 2018-2021 жылдар аралығында комитет жұмысына ЮНЕСКО-ның осы беделді органының мүшесі ретінде қатысып келеді.

Сессияда Үкіметаралық комитет 42 номинацияны, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бірлесе енгізген «Тоғызұмалақ» ойынын қарастырды.

Айта кету керек, МЕММ репрезентативтік тізіміндегі адамзаттың мәдени мұрасы санатындағы қазақстандық элементтер саны 11-ге жетіп отыр. Бұған дейін бұл тізімге домбыра күй өнері, киіз үй жасау дәстүрі, айтыс, қазақ күресі, Наурыз мейрамы, саятшылық, жіңішке нан – қатырма, асық ойыны, Қорқыт мұрасы және қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік әдет-ғұрыптары (бие байлау, айғыр қосу, қымыз мұрындық) кірген болатын.