Қоғам
31 желтоқсан жұмыс күні екенін еске сала кетелік.
Қаңтар айында қазақстандықтар екі мерекені - Жаңа жыл мен Рождествоны атап өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
Жаңа жылдық мерекелер 1 және 2 қаңтарға келеді, олар ресми мерекелер болып саналады. Бірақ 2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да қосымша демалыс күні деп жарияланады.
Осы жағынан алғанда, Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан халқы 1,2,3 және 4 қаңтарда демалады.
Сондай-ақ, 31 желтоқсан жұмыс күні екенін еске сала кетелік.
Сонымен қатар, 7 қаңтар да демалыс күні, бұл күні православие христиандары Рождествоны тойлайды.