COVID-19

Twitter короновирусқа қатысты фейк жазбаларды өшіреді

Twitter 21 желтоқсаннан бастап COVID-19 вакцинасына қатысты фейк ақпараттарды жояды. Бұған дейін бұндай фейк жазбаларды жоюды Facebook, Instagram және YouTube қолға алған болатын.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Компанияның хабарлауынша, келесі аптадан бастап ең қауіпті, жаңылыстыратын ақпаратты жоюға басымдық береді. 

Атап айтқанда, Twitter халыққа қасақана зиян келтіру немесе бақылау үшін вакцинаны қолдану, вакцинацияның жағымсыз әсерлері туралы, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының жалған емес екендігі туралы фейк мәлімдемелерді алып тастайды.

Жыл басынан бері Twitter алған ақпараттарды бірнеше мәрте жоюды көздеген. Соның бірі, пандемия кезінде Мәскеудегі комендаттық сағат, короновирустың қауіпсіз екендігі немесе короновирустан емделу жолдары сынды фейк ақпараттар болған.

Twitter мәлімдеуі бойынша, 2021 жылдың басынан бастап аталмыш желіге негізсіз қауесеттерді, дау тудырған мәлімдемелерді және вакциналар туралы толық емес немесе контекстен тыс ақпаратты тарататын ескертуді белгілей әрі орналастыра алмайды. Осы кеңейтілген нұсқаулыққа сәйкес Twitter қолданушыларына COVID-19 туралы қосымша контекст пен сенімді ақпарат беру үшін беделді денсаулық сақтау ақпаратына немесе Twitter саясатына қатысты сілтемелерді орналастыруы мүмкін.

Контекст:

YouTube-та өшірілген видоелардың көбі - COVID-19 вакцинасын салдырған адамдардың қайтыс болғаны жөніндегі ақпараттар. YouTube ақпан айынан бері жалған ақпараттармен күресуді бастаған. Виднохостингтің хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін 200 мың видео өшірілген. Өшірілген видеолардың барлығы короновирусқа қатысты «қауіпті» және «адастырушы» ақпараттар деп танылған.

 Facebook мәлімдеуі бойынша, фейк ақпараттарға тосқауыл қою, оны таратпауды әдетке айналдыра алады.

Тек қана наурыз және сәуір айларында, Facebook 100 млн-ға жуық короновирусқа қатысты фейк жазбаларды анықтаған.

Instagram мен Facebook-тағы 214 қолданушы, 35 парақша, 18 топ және 34 акаунтты «шетелдің немесе мемлекеттің араласуына қарсы» саясатын бұзғаны үшін өшірді.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін