Bugin
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бас жүлде иеленді
Байқау онлайн форматта өтті. Жарыс 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарысқа әлемнің кез келген елінен 18-55 жас аралығындағы баласы бар әйелдер қатысты.
Қазақстанның атынан Жұлдыз Әбдікәрімова қатысты. 1-24 желтоқсан аралығындағы дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинап, гранд-при иегері атанды.
Дауыс беру барысында Жұлдызға өзіміздің отандастар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия елдері дауыс берді.
Орталық Еуропадан Виктория Люб 58 349 дауыс жинап, екінші орынды иеленді. Үшінші орынды австрия азаматшасы Юлия Игнатченко 55 789 дауыспен иеленді.
Жұлдыз өз парақшасында "Бұл жеңіс менікі емес, біздікі. Мақсатым – тәж кию емес,көк туымды желбірету" деп жазба жүктеді.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін