Әлем жаңалықтары
Ұлыбританиялық пошташы Кэй Уайт 14 жасынан жұмыс істей бастаған
Ұлыбританияның ең қарт әйел пошташысы 80 жыл тұрақты қызметінен кейін зейнетке кетеді деп хабарлайды Bugin.kz платформасы BBC-ге сілтеме жасап.
Кэй Уайт өзінің туған Шропшир округінде Клейверли ауылының пошта бөлімшесінде 14 жасынан жұмыс істей бастады. 1960 жылы ол пошта бөлімшесінің басшысы болды және бүгінгі күнге дейін осы лауазымда жұмыс істеді.
Жұмыста Уайтқа 75 жастағы құрбысы Энн Мейдли көмектесті. Жергілікті тұрғындар бөлім жабылған кезде екеуін де сағынатындарын айтады.
"Мен бүгінгі күнге дейін өмір сүремін деп ойламадым" - дейді Кэй Уайт.
Бірнеше ай бұрын Уайт жұмыс істейтін пошта бөлімі коронавирусқа байланысты уақытша жабылған.
«Біреулер жай ғана амандасып, Кэймен сөйлесуге келетін. Пошта - ауылдың жүрегі, ал Кэй - оның маңызды бөлігі» - дейді ауылдың діни қызметкері Гарри Уорд.
Кэй Уайт қоғам алдындағы еңбегі үшін 2010 жылы Кэй Британ империясының орденімен марапатталған.