Қоғам
2021 жылдан бастап елімізде не өзгереді
1. Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу
2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге не жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану құқығы беріледі.
2. Оқушылар мектепке оралады
9 және 11(12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды.
3. Жаппай вакцинациялау
Мамандардың айтуынша, отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады.
4. Жалақы өседі
Келер жылы елімізде педагогтардың жалақысы 25%-ке өседі
5. Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейді
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 7%, жәрдемақы 5% ұлғайды.
6. Әліппе қайта оралады
Әліппе алдымен кирилл қарпінде шығады. Кейін латын әліпбиіне ауысады.
Бұл жайлы @khabartv инста парақшасында хабарлады
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін