Білім және ғылым

Білім үшін жан пида. II бөлім

Білімдіге дүние жарық екені белгілі. Дегенмен сіздің балаңыз мектепке баруды ұнатпайды ма? Егер балаңыз осы қатарға жататын болса, төмендегі оқиғаларды оқытып көріңіз. Өмірден алынған жайттар арқылы оның ойын өзгерте аласыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан

     Әлемдік экономика, ғарыш, денсаулық сақтау салалары қарқынды дамып жатыр. Соған қарамастан Үндістанда жүз мыңдаған адамның тұрмысы нашар. Олардың құқықтары да сақталмаған. Солардың бірі - білім алу құқығы.

     Нью-Делидің кедей тұрғындары әлеуметтік жағдайының төмендігінің салдарынан  балаларын мектепке жібере алмады. Алайда балалардың білім алуға деген құштарлығы көпір астында оқуға да кедергі емес. Көпір астындағы мектепті ұйымдастырушы – бұрынғы колледж меңгерушісі  Раджеш Кума Шарма. Оқушылар жерде отырып сабақ оқиды.  Тақта рөлін бетон  қабырға атқарады. Бірақ балалар ешқашан  шағымданған емес.  Олар үй тапсырмасын ыждағаттылықпен орындайды, ұстазын тыңдайды. Білім оларды кедейліктен құтқарып, жұмыс табуына жәрдемдеседі. Бұл оқиға жайлы мына жерден оқи аласыз.

Украина

    Украина білім алу үшін қауіпті мемлекеттердің қатарына кіреді. Қыздар мен ұлдардың құқықтары тең. Конституцияда барлық баланың оқуға құқығы көрсетілген. Соған қарамастан  елдің шығысындағы оқушылар өз өміріне қауіп төндіріп, мектепке барады. АТО аймағындағы көптеген мектеп бомбадан қорғайтын орындарды жабдықтайды. Өйткені атыс кез келген сәтте басталуы мүмкін.  Балалар «сұр аймақтар» деп аталатын  қауіпті мекенде білім алып жатыр. Әскери шабуылдар болмағанымен  снарядтар әлі  түсуде. Көптеген оқушы бақылау бекеттері арқылы өз мектептеріне жетеді.  Бірақ мұндай қауіпті аймақтағы  мектепте де  оқуды армандайтын балалар бар.

Африка

     Африканың көптеген елдінде балалардың білім алуы үлкен жетістік. Соғыс, эпидемия, аштықтан зардап шеккен елдерде білім алу құқығы артта қалып жатыр. Африканың көптеген кедей аудандарында қарапайым мектептер ұйымдастырылған. Кейбір мектептер көлеңке түсетін ағаш тасасында орналасқан.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін