Bugin

18 жастағы қыздың телефонды сөндіріп үйден безуіне не себеп болды?

Ата-анасының айтуынша қыз өзінің құрбысына баратынын ескерткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 18 жастағы қыз табылды. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың желтоқсанында жүргізілген іздестіру шаралары сәтсіз аяқталды. Содан соң тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы полиция қызметкерлеріне хабарлады. Ата-анасының айтуынша  қыз өзінің құрбысына баратынын ескерткен. Алайда үйге оралмаған. Ұялы телефоны сөндірулі еді.

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың әлеуметтік ортасын зерттеді. Көліктерді тексеріп шықты. Алайда еш нәтиже болмады.

Көп ұзамай қыздың басқа елдімекен жігітімен танысқаны белгілі болды. Қыз сол өңірден табылды. Полиция қызметкерлері оны ата-анасына табыстады.