Bugin
Назарбаевтың оң қолы тағы билікке келді
Нұрлан Нығматуллин мәжіліс спикері болып тағайындалды. Парламент мүшелері жасырын дауыс беру арқылы Н.Нығматуллинді бұрынғы орнына қайта сайлады.
"Кеше Nur Otan партиясы фракциясының отырысы болып, төраға Нұрсұлтан Назарбаев депутат Нығматуллиннің үміткерлігін алға тартты. Өйткені ол өзіне қойылған міндет пен тапсырмаларды орындап шықты. Парламентаризмнің дамуына үлес қосып, жұмыс сапасын жақсартты. Үкімет мүшелеріне қатал, берілген тапсырманы қатаң бақылайтын басшы болғандықтан, оның үміткерлігін қолдауға шақырамын", - деп сөз сөйледі депутат Дархан Мыңбаев.
"Ақ жол" партиясы мен ҚХП-ның өкілдері де Нығматуллиннің үміткерлігін қолдады. Оған 100 депутат бірауыздан дауыс берді.
Айта кеткен жөн, мәжіліс төрағасы қызметіне тек бір-ақ адам ғана ұсынылған.