Қоғам
Тоқаев әйелдер мен балалардың құқығын қорғау керек дейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты Twitter-дегі парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», - деп жазды Тоқаев.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде таралған заңға сәйкес, кез-келген адамды 15 тәулікке қамауға болады, ал үшінші тұлғалардың өтініші бойынша балаларды отбасынан тартып алуға болады.