Bugin
Бұған кепілдік жоқ
Саясаттанушы, "Oyan, Qazaqstan" жастар қозғалысының мүшесі Димаш Әлжанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау бюллетені жайлы айтқан мәлімдемесін "құр уәде" деп атады. Мұны ол Азаттық Радиосына берген сұхбатында айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында парламентте сөйлеген сөзінде "Басқа пікір айту мен қарсы дауыс беру біз үшін қалыпты құбылысқа айналуы тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жауап нұсқасын қосу керек" деген еді.
Алайда жас белсендінің айтуынша, мұндай мәлімдеменің сенудің қажеті жоқ.
"Олар үнемі жақсы уәдені үйіп-төгеді, 30 жылдан бері солай. Өйткені азаматтардың дауысы әділ саналады, шынымен балама партиялар мен кандидаттардың пайда болатынына кепілдік жоқ.
Мені процестің осындай деңгейге дейін түскені таңғалдырды: олар салмақты өзгерістер мен реформалардың орнына сайлау бюллетеніне "бәріне қарсымын" деген сөзді қосуды ұсынып отыр. Билік осындай манипуляция арқылы алдамшы көрініс қалыптастырып, реформа имитациясын жасап отыр. Шын мәнінде бұдан демократияның иісі де сезілмейді", - дейді ол.