COVID-19
Алматыда карантин күшеюі мүмкін
Алматыда карантин күшеюі мүмкін. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа шектеулер туралы құжат дайындап жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
«Брифингтен кейін жұмысқа оралып, шектеу шаралары жөнінде ойланамыз. Сөйтіп ертең жауабын айтамыз», - деді бас санитар дәрігер журналистің шеутеулерге байланысты сұрағына.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.
«Алматы қаласы «қызыл аймаққа» кірді. Covid 19 бойынша қаладағы статистика көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Күнделікті жұқтырғандар саны 130-дан түсер емес. Жағдай ушығып тұрғанына қарамастан қалалық денсаулық сақтау басқармасы вируспен күресуге дайын», - деді ол.
Пандемия басталғаннан бері Алматыда вирус жұқтырғандардың 21 547 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 139 жаңа жағдай анықталды.