Денсаулық
Қан тамыры қатты ауырмаған және тамырларында склероздың айқын белгісі жоқ,жүрегі мен бүйрегі ауырмаған,бірақ қан қысымы көтерілген адамға мынадай массаж түрін үй жағдайында жасауға болады.
Қан тамыры қатты ауырмаған және тамырларында склероздың айқын белгісі жоқ, жүрегі мен бүйрегі ауырмаған,бірақ қан қысымы көтерілген адамға мынадай массаж түрін үй жағдайында жасауға болады: ауру адам орындықтың арқасына сүйеніп,басын қолымен тіреп отыруы керек. Мұндайда адамның еті барынша босаңсиды. Массаж жасайтын адам ауырған кісінің арт жағына тұрып ең алдымен, оның арқасын жоғарыдан төмен сипайды, омыртқаның бойы мен жауырынның ортасын алақанымен сылап жұмсартады. Бұдан кейін,мойынна төмен қарай және омыртқадан жауырынға қарай бағыттап иықтың үстіне массаж жасайды.Содан соң,сұқ саусақпен және ортаңғы қолмен желкедегі қыратқа дейін сылап жұмсартады.
Бұл тәсілдерді желке мен иық үстін сипағанда бір-бірімен алмастырып отырады. Бастың шашы бар тұсына массаж жасағанда ортада үш саусақпен желкеден төбеге қарай жұмсартады. Мұнан кейін ауру адам басын массаж жасаушы кісіге немесе басқа арнайы затқа сүйеп,кейін қарай шалқайтады. Содан соң оның маңдайы мен самай тұстарына массаж жасалады. Бір немесе екі саусақпен маңдайдың ортасынан шашқа қарай, одан самайға қарай төрт саусақпен немесе тұтас алақанымен жұмсартады. Бұдан кейін маңдайды, көздің үстін және астын барлық саусақпен самайға қарай жұмсартады. Содан соң саусақтың ұшымен көзден бастап желкеге қарай самайға массаж жасайды.
Көздің үстіңгі жағын да саусақтың ұшымен сипайды, ал астыңғы жағын әр жерден бір сипап массаждайды. Мұнан кейін тырма секілді тәсілмен сипап, маңдайды, бастың шашы бар тұсын желкеге қарай жұмсартады. Процедураны мойынға, иықтың үстіне және қос жауырын арасына массаж жасаумен аяқтайды. Ауырған жерді сипап әрі жеңіл дірілдетіп қана өтсе де болады.
Массаж 10-15 минутқа ғана созылады.Оны күнде немесе күнара жасайды. Емдеу курсы үш прцедураға дейін белгіленеді.
Толық адамдардың қарнына да жасауға болатынын біліп пе едіңіз?! Жалпы адамның кез келген ағзасына массаждың түр-түрін жасауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы осы бас пен аяқ-қол массаждары. Сондықтан массаж жасайтын орталықтарға қаражатыңызды шығындамай-ақ, үй жағдайында жасауға болатынын ескеріп жүріңіз.