Қоғам
Одан бөлек 5 саланы нығайтпақшы
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин жаңа сұхбатында Ресей Федерациясы Қазақстанда жаңа атом электр станциясын салуға дайын екенін айтты. Елші бұл жайлы “Комсомольская правда” басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Алексей Бородавкинге Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтетін негізгі 5 бағыт туралы сұрақ қойылды.
Дипломат келесі бағыттарды атады:
-Үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар, жастар мен ардагерлер одақтары, еріктілер қозғалыстары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен блог жүргізу саласы арасындағы байланысты нығайту;
-Коронавирус пандемиясына байланысты инвестициялық және сауда шығындарын өтеу;
-ЕАЭО-ның барлық елдері үшін цифрландыру саласындағы интеграция;
-Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық;
-Таза энергетика. Энергетика туралы айта отырып, елші әлемдегі басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанға да таза энергия қажет екенін атап өтті.
“Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциялары. Электр энергиясының болжамды жетіспеушілігін ескере отырып, атом электр станциясының құрылысы Қазақстан үшін айрықша өзекті тақырыпқа айналуда. Росатом станцияның қауіпсіздігі мен қоршаған орта тазалығына кепілдік бере отырып, аталған жобаны қолға алуға дайын”, – деді Алексей Бородавкин.