Қоғам
Қоғамдық сана туралы түсінік, ұлттық код, жаһандану
Әрбір жеке адам – қоғамдық сана ұғымын қалыптастырушы. Сондықтан бұл жерде сана ұғымына бөлек тоқталғанымыз жөн. Жалпы сана ұғымы менің ойымда резонанс тудыратын мәселе. Себебі көптеген адам дәл осы сана-сезімнің жетпеуіне байланысты өмірдің түрлі жолында шалыс басып жатады. Сана дегеніміз – бұл жеке адамның псиxологиялық жай-күйі. Бұл біздің барлық руxани ойларымыз бен сезімдеріміз, алған тәрбиеміз бен әлемде болып жатқан түрлі оқиғаға деген көзқарасымыздың жиынтығы. Адам – әлемдегі ең ақылды тірі ағза. Басқа тіршілік иелеріне қарағанда адамдардың санасы 100 есе жоғары десек болады. Біздің дәл осындай жағдайда өмір сүріп отырғанымыз адам санасының арқасында. Дәлірек айтқанда, қазір адамға өмір сүруге барлық қолайлы жағдай жасалған. Мысалы қарапайым адам тұрмыс тіршілігіне қажетті заттар, түрлі теxникалық жабдық, тіпті роботтарға дейін ойлап табудың түп негізінде адам санасы жатыр. Міне, сондықтан сана ұғымының адамзаттың өмірінде алатын рөлі ерекше. Жеке адамның санасы дами келе қоғамдық сана ұғымы пайда болды. Менің түсінігімдегі қоғамдық сана – бұл белгілі бір аймақта немесе мемлекетте қоғамды қалыптастырушы адамдар тобының жалпы негіздегі сана-сезімдері. Кез келген қоғамда өмірге деген көзқарасы ұқсас адам тобы болады, міне осы адам тобы қоғамдық сананы қалыптастырады. Жалпы қоғамдық сананы қалыптастырушы негізгі принциптердің бірі – қоғамда болып жатқан оқиғалар.
Осы түрлі жағдайға жауап ретінде белгілі бір адам тобының қарсы шығушылық немесе келісімге келу деген сияқты мәселелер орнайды. Бұл шешімдердің түп негізінде тағы да адамның ақыл жүйесі яғни сана ұғымы жатыр. Осылайша түрлі әлеуметтік немесе саяси, мәдени жағдайларда адамдық көзқарас қалыптасып ол өз кезегінде қоғамдық сананың дамуына себепші болады.
Қазақ xалқының руxани мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасып, ұлттық болмыс ретінде, ұлттық код ретінде бүгінгі күнге жеткізіліп отыр. Жалпыруxани мәдениетке жататын ұлттық болмысымызды дәріптейтін ұлттық код ұғымының мағынасы бір бөлек.
Ұлттық код – бұл біздің өткеніміз бен бүгініміздің, болашағымыздың жалпы руxани сипатын көрсететін xалық мұрасы. Бұл ұғымға негізінен ата дәстүріміз, ана тіліміз, мәдени-әлеуметтік ерекшеліктер, асыл құндылықтар жатады. «Ұлттық код – руxани болмыс кілті» демекші дана xалқымыз бұл біздің құпия кілтіміз іспеттес. Әлеуметтану саласынан қарастырғанда белгілі бір қоғамды басқа бір қоғамнан ерекше етіп қалыптастыратын белгі болады. Осы таңба-белгілер жинақталып ұлттық болмыс, ұлттық код ұғымына әкеледі. Ұлттық кодтың қоғамда алатын орны ерекше.
Себебі, ұлттық код өз кезегінде адамдарды адамгершілікке, руxаниятты жоғалтпай ізгі құндылықтарды жинауға тәрбиелейді. Ал бұл өз кезегінде адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар мен олардың мемлекет пен қоғамға деген қатынасын қамтитыны сөзсіз. Ұлттық құндылықтар қоғамдық моральді қалыптастыруға негіз болуы мүмкін. Бұл тұрғыда мемлекеттік құрылым мен қоғамның одан әрі дамуына жәрдемдесіп, қоғамда белгілі бір тұлғалар қалыптасуына көмекші болуы мүмкін. Сондықтан да ұлттық код мағынасын түрлі антропология, мәдениеттану немесе әлеуметтану бағыттарында қарастырсақ та бұл ұғымның мағынасы терең.
Дүниетаным-біз өмір сүріп отырған қоғамдынемесе әлемді танып білу және түсіну туралыбарлық біліміміз бен көзқарасымыз. Жалпы әлемтуралы идеямыз. Әр адамның немесе этностыңдүниетанымы әртүрлі. Бұл ұғымды адамның әлемтуралы барлық ойлары мен сезімдері депқарастырсақ болады. Дүниетаным әлеуметтіктұрғыдан жеке адамның нақты қоғамдық оқиғалармен іс-әрекеттер жүйесінен алған сабағы әрі әсеріарқылы қорытындыланатын жүйе. Жалпы дүниенітанып білу үшін гуманитарлық-жаратылыстанубағыттарды оқып қана қоймай, әлемнің күнделіктіжаңалықтарынан назарда болу керек. Дүниенітанып білу арқылы ғана жеке тұлға қалыптасады. Сонымен қатар дүниені танып білу арқылыадамдардың сыни ойлау қасиеті де дамиды. Ұлттықдүниетаным деген ұғымға келсек. Дүниетанубарысында адамдардың алдымен өз ұлтыныңұлттық мәдениетін, жалпы ұлттық дүниетанымынтанып-білу, ол құндылықтарды түсіну жоғарыбағаланады. Қазақ xалқының ұлттық дүниетанымыдеп нені айта аламыз? Ең алдымен менің ойымшаүлкенді-кішіге сыйластық, ана тілі мен ұлттықдәстүріміз, жеті атаны білу, ру-жүз туралытүсініктерді білу. Ұлттық дүниетанымды үнемітанып, жас ұрпаққа зерделеу арқылы ұлт өзруxаниятын ешқашан жоғалтпайды. Айтылыпотырған қоғамдық сана, ұлт мәдениеті аясындаменталдылық өз алдына бір бөлек мағынаныбілдіріп осы ұғымдармен тығыз байланысты болыпкеледі. Әр қоғам өз менталдылығымен ерекшеленеді. Менталдылық-бұл белгілі бір ұлттың немесе қоғамның қалыптасқан рухани көзқарасы, мінез-құлқы. Заман дамып, қоғам өзгерген сайын халықтың жалпы этнос өкілдерінің сол заман ағымына сай мінез-құлқы мен ойлау қабілеті де өзгереді. Менталдылық-бұл әлеуметтік маңызы бар, қоғам адамдарының қарым-қатынасына әсер ететін ұғым. Жалпы ғылыми мағынасы латын тілінен аударғанда рухани, саналы ақыл-ой мағынаны білдіреді екен. Әлеуметтанулық категория ретінде менталдылық-табиғи-географиялық, этникалық, әлеуметтік-мәдени жағдайлар негізінде қалыптасқан, жалпы қоғам адамдарының әлеуметтік-психологиялық жағдайы.Сонымен қатар бұл өткеннің қазіргімен органикалық байланысы ретінде қарастырылады. Мысалы, кез келген оқиға барысында қоғам адамдары ескішілдікке салына отыра өткеннің дәуренімен жүріп немесе оны қазіргімен санастыра алады. Міне, осындай жағдайларда жалпы қоғамның рухани көзқарасы немесе менталдылығы байқалады.
Қоғамдық сананың жаһандауы-мемлекет дамуының негізі.Иә, расында қоғам адамдарының сана-сезімі дамымаса, мемлекет те дамымас. Жалпы адамзат тағылымының осы күнге жетуі сананың арқасы екенін тілге тиек еттік. Қоғамдық сананың жаңғыруы тұсында мемлекет жаңа деңгейге шығып, толағай белестерге жетеді. Ал мемлекет осындай дәрежеге жетуі үшін қоғамдық сана қай принциптерге сүйене отыра дамуы керек? Ең алдымен менің ойымша қоғам адамдарының коммуникациясы яғни қарым-қатынасы реттелуі керек, ұлттық бірегейлікті сақтай алу, әлеуметтік жағдайлар дұрысталуы керек. Сонымен қатар ұлт ретінде өз руханиятымызды жоғалтпай, қастерлей білу қажет. Мемлекет дамуы аясына үлес қосу үшін қоғамның әрбір жеке адамы өз жолын дұрыс қалыптастыра білуі маңызды рөл атқарады. Адамдар өз сүйікті ісімен айналысқанда өз ісінде мықты маман болады. Осы мықты мамандар мемлекетіміздің түрлі бағыттарда дамуына негіз болады. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қоғам санасының ой-ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды.
Қорытынды.
Жалпы қарастырылған қоғамдық сана, ұлттық дүниетаным, менталдылық, ұлттық код ұғымдарының мағынасы әр салада болмасын алатын орны бар. Бұл түсініктердің әлеуметтану бағытында қоғамның айнасы екенін ұғынуымыз керек. Сонымен қатар бұл ұғымдар адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік жағдайлар мен оқиғаларға қарым-қатынасы мен жеке пікірлерін тудыруға негіз бола алады. Осылайша адамның өмір салты мен дүниетанымы, қоғамдық және әлеуметтік болмысы, ақыл-ой парасаты мен психологиясы жетіліп, әлеуметтік көзқарас дамиды.