Әлеумет

Журналистің даралық қасиеті

Журналист – қоғам мен билік арасындағы көпір. Ол халыққа ақпарат таратушы. Қоғамда болып жатқан жағдайлардың барлығын делік журналист жеткізеді. Тағы да журналист бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы үшін ақпаратты жинау, құру, редакциялау, дайындау және безендірумен айналысады. Еңбек немесе басқа шарттық қатынастармен байланысты немесе өз бастамасымен осындай қызметпен айналысатын әдеби қызметкер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистер өздерінің мамандықтарына байланысты жазушы, репортер, фото немесе видео журналист бола алады. Олардың әрқайсысы белгілі бір ақпарат құралдарын қолданып, маңызды ақпаратты жеткізе отырып, көпшіліктің көңілінен шығатын қызықты материалдарды жасайды.

Қызығымен қатар өзіндік қиындығы бар жұмыс. Журналистиканың қиыншылықтары бар екеніне қарамастан, оның көптеген артықшылығы бар, соның ішінде үлкен жаңалықтардың қашан басталатынын білетіндердің арасында болу толқуы, оқиғаны және мүмкіндікті жариялау үшін саяхаттау мүмкіндігі бүкіл әлемдегі қызықты адамдармен кездесу.

Журналист қаламы өткір болуы керек. Әр сөзін жазғанда нақты халыққа мәлімет беру керек. Біреуді өтірік қаралап не болмаса біреуді өтірік мақтап жазуға болмайды. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауап береді. Даралық қасиеті бар журналист дегеніміз – өзіндік дара қолтанбасы бар, ерекше қасиеттерімен көзге түскен тұлға.

Дара қасиеті бар журналисттерге мысал келтірер болсам Дархан Қыдырәлі, Нұртөре Жүсіп, Жұматай Жақыпбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Бисен Құранбек, Нартай Аралбайұлы, Оралхан Бөкей, Сейдахмет Бердіқұлов, Серікбол Хасан және т.с.с. Әрқайсысына тоқтала кетсек.

Дархан Қыдырәлі – 2016 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарушы. Ерекшелігі оның мақалаларында болып табылады. Мақалаларында туған жерге деген құрмет, махаббатты керемет жеткізе білуі, рухани тақырыптарды көтеріп, халыққа жеткізе алуы, өткір қылып жазуы оны журналист ретінде дараландырып тұрады.

Нұртөре Жүсіп – 2008 жылдaн бері республикалық Aйқын гaзетінің директоры, бaс редaкторы. Оның ерекше қaсиеттерінің бірі ең өзекті тақырыптaрды қозғап, тaқырып таңдай алуында. Тағы да қосар болсақ ораторлық шешендігі, қанатты сөздерді мақалаларына дәл қоюы.

Жұматай Жақыпбаев – керемет ақын. Қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы сөздерге толы өлеңдер әкелді. Басты ерекшелігі де осы ақындығында. Мақала жазу білмеген бірақ өзінің тақырыптарын өлең–очерктермен жеткізе білді. Өлең–очерктері халыққа ұнап, сол болмысында жазды және ерекшелене білді.

Бисен Құранбек – журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Басты ерекшелігі телешоуларды жүргізе білуінде және оған бейімділігі. Халыққа шын жанашыр тұлға болуы, билікке жақтасып шындықтан қашпай, тура сойлеуі, адамның мұң – мұқтажын түсіне білуі.

Нартай Аралбайұлы – «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі. Ерекшелігі білімі, шешендігінде. Сөзді ұйқастырып жеткізеді. Тілі төгіліп тұр. Қанатты сөздер мен мақал мәтелдерді оңды қолдана білуі, эмоциямен шынайы бағдарлама жүргізеді.

Серік Жанболат – «Аптап» бағдарламасының жүргізушісі. Біреулер дайындап берген сөзді оқымайтын, үнемі мәтінді өзі жазатыны оның басты ерекшелігі болып табылады. Аптадағы аса маңызды деген мәселелерді іріктеп, жілікше шағып, талдап беретін бағдарламаны көріп отырып бұған сенбеу мүмкін емес. Бағдарлама тілі жалпы көрерменге ұғынықты, аса көркемдеп көп сөзді шұбыртпайды. Тағы айта кетерлік даралық ол студияға «тірі фактілер» алып шығуында.

Газет – журналда ерекшеліктер:

Жұлдыз Әбділда – ауыз толтырып айтарлықтай қазақтың бетке ұстар жас журналисті. Жас болсада журналистика саласында ойып тұрып орын алған, қайсарлығымен көзге түскен тұлға. Оның ерекше, дара қасиеттері өте сауатты жазуы, қоғамдағы әлеуметтік өтімді тақырыптарды ала алуы, тілі өткір, оқырманған жеткізіп, өткір жазады және тек жазбаша жазатын журналист болсада оқырман алдында ашық жүр.

Қасым Аманжол – «Азаттық» радиосының ТВ – продюсері. Оппозициялды журналист, радикалды емес.

Шет елдің журналисттеріне тоқтала кетсек: Хизер Анн Науэрт – 2017 жылдың 24 сәуірінен 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол Fox News арнасында журналист және жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеді. Оның басты ерекшелігі сауаттылығы мен сөйлеуінде. Ол бір сөзбен бірнеше адамды сендіре алады. Оның өзін – өзі ұстауы, сөйлеуі, халыққа деген қарым қатынасы және сауаттылығы қазіргі қызметіне лайық екенін дәлелдейді.

Опра Гейл Уинфри – американдық тележүргізуші, актриса, продюсер, қоғам қайраткері, «Опра Уинфри Шоуы» ток-шоуының жүргізушісі. Forbes журналы оны 2005 жылғы тоғызыншы, 2007 жылғы бірінші әйел, 2009 жылғы шоу-бизнестегі ең ықпалды адам, 2010 және 2013 жылдардағы ең беделді әйел деп атады. Опра Уинфридің байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланған, бұл шоу-бизнестегі кез келген әйелден көп. Ол тарихтағы алғашқы қара әйел миллиардер.

Эллен Ли Деженерес - американдық актриса, әзіл-сықақшы, тележүргізуші. Ерекше тележүргізуші. Әрбір телешоуы әлемге танылады. Шоу қонақтары ретінде өте танымал тұлғалар келеді.