Денсаулық
Қыздарға бет терісіндегі безеуді кетіруге арналған үй жағдайында жасалатын пайдалы маскалар
1. Безеуді емдеуге арналған балдан жасалған тиімді маска
Масканы дайындау үшін қыша балын не жөке балын қолдануыңызға кеңес береміз. Шұңғыл ыдысқа 50 г бал, 50 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз. Бетіңіздің безеу шыққан орындарына қалың етіп жағып, 20 минутқа қалдырыңыз, сосын жылы сумен жуып, крем жағыңыз. Бал маскасы бетті жұмсартқыш, жасартқыш қасиетке ие.
2. Тазартқыш және нәрлендіргіш банан маскасы
Піскен бірақ қара дақтары өте аз банан таңдаңыз. Оған 1 ас қасық зәйтүн майы мен кез келген нәрлендіргіш 3 ас қасық кремін қосып, араластырыңыз.
Оны бетке 15 минутқа қалдырып, маска қатқан соң, лимон шырыны қосылған қайнаған жылы сумен жуып тастаңыз.
3. Бетті құрғататын безеуге қарсы ас ашытқысының маскасы
Маскаға қосатын ас ашытқысының барынша балғын болғанына көңіл бөліңіз. 1 ас қасық ас ашытқысын 1 ас қасық жылы суға езіңіз, оған ¼ шай қасық бал мен 1 шай қасық жылытылған сүт қосып араластырыңыз. Дайын болған масканы бетте 15 минут ұстап, артынан жылы сумен жуып тастаңыз. Ас ашытқысының маскасы безеуді өте жақсы емдейді, бет терісін құрғатып, ондағы зат алмасуды реттейді. Бұл масканы күнара, жатарда жасап тұруға кеңес береміз. Бұл маскаға аллергияңыз бар-жоғын алдын-ала тексеріп алуыңызды ескертеміз.
4. Безеуге қарсы ақуыз маскасы
Бұл өте қарапайым, қолжетімді әрі жақсы әсер ететін безеуге қарсы маска. Алдымен, жаңа туылған тауық жұмыртқасын табыңыз. Жұмыртқаны жарып, ақуызын сарысынан бөліп, ақуызды ақ көбікке айналғанша араластырыңыз. Бетіңізде 20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы сондай-ақ терідегі ұсақ тесіктерді тегістеуге, қызыл дақтарды кетіруге, бет терісін жасартуға қолдануыңызға кеңес береміз.
5. Майлы теріні құрғататын картоп маскасы
Бұл маска — безеуді емдеудің тиімді халықтық үлгісі. Табиғи заттардың орнын синтетикалық өнімдер баса бастаған уақытта да, біздің ата-әжелеріміз сұлулығын сақтау үшін халықтық әдістерді ойлап тауып, қолданған және сол әдістерге қолданатын заттарды алыстан іздемей-ақ, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген картоп сияқты өнімдердің пайдасын көре білген. Аршылған, орташа картопты майдалап турап, кішкене тұз қосып, жұмыртқаның ақуызымен араластырасыз. Оған 1 шай қасық зығыр майын қосып, бетіңізге 10-15 минутқа қалдырып, жылы сумен жуасыз. Сосын өзіңіздің бетіңізге қолданып жүрген, майлы теріге арналған лосьонмен сүртесіз.