Әлем жаңалықтары

Путин Clubhouse-қа тіркеле ме?

Илон Маск Путинді Clubhouse-та сұхбаттасуға шақырды. Кремльдің баспасөз хатшысы Песков мұны қызық ұсыныс деді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сіз менімен бірге Clubhouse-та әңгімелескіңіз келе ме?» - деп жазды твиттерде Маск Кремльдің ресми аккаунтын белгілеп. «Сізбен сөйлесу үлкен мәртебе болар еді», - деп орысша комментарий қосты.

Үш сағат ішінде Масктың твиті 90000 лайк жинады.

Кремль кәсіпкерге: «Біз алдымен мұны анықтағымыз келеді. Сіздер Путинді әлеуметтік желіні қолданбайтынын білесіздер. Ол оны өзі басқармайды. Жалпы бұл өте қызық ұсыныс. Бірақ біз қандай да бір мағынада не ұсынылатынын түсінуіміз керек. Сондықтан біз мұның барлығын алдымен тексеріп, содан кейін жауап қайтарамыз», - деп уәде етті Песков.

Clubhouse-ты 2020 жылы көктемде Alpha Exploatation Co. компаниясы құрған.  Коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулер кезінде Clubhouse тез танымал болды. Әлеуметтік желінің аты шулы болуына танымал адамдардың қатысуы ықпал етті. Clubhouse желісінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, актер Эштон Катчер мен кәсіпкер Илон Маск төбе көрсеткен болатын.