Bugin
Президент тапсырмасы
Ұлттық сенім кеңесінің бесінші отырысы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық және оқытушылық құрамды даярлау мәселесін көтерді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің айтуынша, қазір еліміздің көптеген аймақтарында педагогикалық кадрлар мен медицина қызметкерлері жетіспейді.
"Бұл өте маңызды мәселе және оны ат жарада шешу қажет. Үкімет осы мәселелерді шешу үшін шара қабылдап жатыр. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы көбейтіліп, әлеуметтік жағдайлар жақсарды. Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған стипендияны көбейту туралы шешім қабылдадық. Шешім өз нәтижесін берді. Осыған байланысты медициналық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған стипендияны көтеру қажет", - деді мемлекет басшысы.