Bugin
Алматы мен Тбилиси аралығында тікелей рейстер жүзеге асырылады
Қазақстан мен Грузия аралығындағы авиажолары қайта ашылады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рейстер аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндеріне ғана жоспарланған. Билеттерді брондау басталып кетті.
Жолаушының ПТР тесті теріс нәтижелі болуы керек (кемі 72 сағат ішінде). Грузияға жеткеннен кейінгі үшінші күні ел аумағында тағы да тест өтуі міндеттеледі. Туристерден карантин талап етілмейді.
Еске сала кетейік, Грузия 2020 жылдың наурыз айының ортасында барлық бағыттағы жолдарды жапқан болатын. Енді 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап әуе жолдарын ашты.