Көктемде қандай киімдер сәнге айналады? Киімді қалай таңдау қажет?

2021 жылдың көктем-жаз мезгілінде сары, көк, күлгін түс сәнге айналады. Сондай-ақ, соңғы кездері 1990 жылдары трендте болған киімдер қайтадан сұранысқа ие болып жатқанын байқай аламыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көктем келсе, әйелдер қауымы өздеріне көңіл бөле бастайды. Көктемде қыздар ерекше әдемі болатыны сөзсіз. Әуелден-ақ "адам көркі – шүберек" екені баршаға мәлім. Соған байланысты адам өзіне жарасатының және өзің ашып тұратын киім кигенді ұнатады. Сән әлемінің мамандары жыл сайын трендте болатын түстерді хабарлады. Солардың бірі 21 жылдан бері сән әлеміндегі негізгі түстерге сараптама жасайтын америкалық Pantone зерттеу орталығы (Pantone Color Institute) 2021 жылдың екі негізгі түсті атаған еді.

Олар: сұр және ашық сары. 2021 жылда кең таралатын киімдер: кең шалбар мен спорттық стилдегі киімдер. Мамандардың айтуынша :"Кең шалбар – 2021 жылдың тренді. Белден бастап еденге дейін төгіліп тұратын шалбарды таңдаған кезде белді айшықтауды ұмытпау қажет. Яғни, белдік немесе қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, белдің қай жерде екенін көрсеткен жөн. Кең жағалы жейделер де сәнде болады. Алайда мұндай жағдайда образды джинсы шалбармен толықтыру қажет. Сонда стиль үйлесе түседі.

Кейінгі жылдары 1990 жылдардағы стиль қайта еніп жатыр. Бұл – қысқа белдемше, спорт-шик стилі, ұзын пальто мен кең шалбар. Қысқа белдемше кисеңіз, үстіне қалың жемпір немесе костюм кию қажет. Яғни, төмен жақ ашық болса, үстіңіз жабық болғаны жөн сонда киіміңіз сәнді көрінеді. 2021 жылы да өрнек салынған шапан мен көйлектер яғни этникалық мотивтер сәнде болатынын айтты.

Киімді қалай таңдау қажет?

Стилисттер киім таңдаған кезде трендтің соңына түсіп кетпеуге кеңес береді. "Гардеробтың 5%-і, көп болса 10-15%-і трендтегі киімдер болу қажет. Себебі тренд өзгеріп тұрады. Соны ұмытпау керек. Ал қалғаны басқа киімдермен үйлестіріп киетін базалық киім болғаны жөн", –дейді мамандар.