Weekend
Халық жанын әнімен тербеткен аңыз адам
Шәмші Қалдаяқов- бүтіндей бір қазақ халқын, түркі халықтарын әуезді әнімен тәрбетіп, еріксіз шалқытып, адам жанын нәзік махаббат әуенімен балқытқан аса көрнекті, еліне елеулі еңбегі сіңген, қазақ елінің қошеметіне бөленген, даңқты композиторы. Музасын махаббат әлемінен іздеген көрнекті халық қалаулысы өз заманында табынушыларының жүрек түкпірінде сақталатын ән мұнарасының алтын қақпасын қалап кетті. Махаббат– нәзік, үлбіреген жіңішке жіптің сабағындай ғой, әсте. Жүрексіздің көкірек қуысына өз жалынының майда шоғынан сілкіп жіберсе болғаны, жанын жадыратып өзіне табындырып жіберетін құдіретті күшке ие. Міне, осы махаббат жалыны өз құшағына қазақтың қарапайым қара баласын ала қойды.
Шәмші Қалдаяқов- ән өнерін ең алғаш қазақ эстрадасынан бастаушыдардың бірі болып табылады. 10 жылдай сазгердің өз жанынан әуезді ән мектебін ашуда қиындықтары туындайды. Бұл қиындықтар моральды түрде болады. Оның алғашқы шығармашылық жеңісі мен сазгерлік жолдағы ерекшелігі қазақ вальсін әнге қосып, оған жан бітіруінде еді. Бүкіл халық арасында әннің қас пен көздің арасында таралуы, ән жанында шынайылық пен нәзіктіктің болуында болатын. Алтын дәуір жылдарының 60-70 кезеңдеріндегі жастар үшін Шәмші әндері өнердің биік шыңының соңғы нүктесіндей көрінетін. Шәмші- өзіне еліктеушілер үшін,ұлы кумир бола білді. Шәмші әндерінің тағы бір ерекшелігі оның жеңіл ырғақты болуында. Тіпті, "Қазақ вальсі" әні тыңдаушылар қауымына жол тартқаннан кейін, халық ән өнерінің ханзадасына "Қазақ вальсінің корольі" атағын ұсынды. Осылайша аңыз адамның кілт сөзі құдіретті күшке ие болды. Шәмші зерттеушілердің айтуынша, көзі тірісінде тұлға 300-ге жуық ән жазған, оның 55-іне ғана сазгерді автор етіп бекіткен. Ал, қалған әндерін сыйға тартқан.