Қоғам

Тәуелсіздік жайлы "Үздік Роман" байқауы. Жүлде қоры – 1 750 000 теңге!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жас қаламгерлерді қолдау мақсатымен «Шабыт» жастар клубы кезекті бәйгесін жариялап отыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Байқау шарты мен жүлделер туралы ақпарат төмендегі ережелер бойынша жүзеге асады. Жүлде қоры  – 1 750 000.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты жас қаламгерлер сайысының ережесі

Тақырыбы: Тәуелсіздік.

Мақсаты: қаламгер жастарды қолдау.

Бағыты: сайысқа қатысушы тәуелсіздік жайлы роман жазады.

Шарты: Тәуелсіздік жайлы және ел тәуелсіздігін нығайтатын құндылықтарды (отансүйгіштік, еңбекқорлық, бірлік-ынтымақ, жәрдемсүйгіштік т.б.) насихаттайтын роман жазу.

Қатысушы: 16 – 44 жас аралығындағы кез келген қаламгер.

Уақыты: 15 наурыз – 1 қазан аралығы.

Марапаттау салтанаты: 15 желтоқсан.

Марапат: Жүлдеге ие болған қаламгерлерге грамота мен қаржылай сыйлық табысталады:

1-орын біреу, 1 000 000 теңге

2-орын біреу, 500 000 теңге

3-орын біреу, 250 000 теңге

Ұйымдастырушы: «Шабыт» жастар клубы және «Шабыт» баспасы

 

Қосымша мәліметтер:

1. Сайысқа ұсынылатын жазбаша жұмыс бұрын жарияланбаған болу керек.

2. Жүлделі орынды анықтауда екі жазбаша жұмыстың мазмұны бірдей болған жағдайда қателерінің (орфографиялық, пунктуациялық, стильдік) аз болғаны таңдалады (сондықтан редактор мен корректорға тексертіп алыңыз).

3. Романды word нұсқасында tuganjer@gmail.com адресіне жіберу керек.

4. Үздік романдар кітап болып басылады және шығарманың авторлық құқығы автор мен баспаға тиесілі болады.

Сұрақтар болса 8 708 527 45 82 хабарлассаңыз болады.