Әлем жаңалықтары

Франциялық студент AstraZeneca вакцинасынан кейін қайтыс болды

24 жастағы студент AstraZeneca вакцинасынан кейін қайтыс болды деп хабарлады QuestFrance басылымы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Басылымның мәлімдеуінше студент Нантадағы медициналық университетте оқыған. Ол вакцинаны 8 наурызда алып, 18 наурызда қайтыс болған. Жақындарының айтуынша жас жігіттің денсаулығына баланысты мәселелер болмаған. Ол салауатты өмір салтын ұстанған. 

Осы жағдайдан кейін марқұмның денесіне арнайы зерттеулер жүргізілді. Қорытынды бойынша, оның ішкі қан ұюынан тромб пайда болған. Нақтылай кетсек, іштей қан кету орын алған. 

Тура сол күні Норвегияда AstraZeneca вакцинасынан кейін қайтыс болған екі адам тіркелді. Сонымен қатар, вакцинациядан өткен үш медициналық қызметкер ауруханаға түсті. Олардың біреуі қайтыс болды. Осындай жағдайлар тағы Словакияда, Австралияда, Италияда және т. б елдерде тіркелген. Осы себептен, сарапшылар тромбоздың қалыптасуы мен AstraZeneca вакцинасының арасындағы байланысты жоққа шығармады. 

Наурыз айында бірқатар еуропалық елдер вакцинациядан кейін тромбоздың және анафилактикалық шоктың жиілеуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты.