Әлем жаңалықтары
Вашингтонда Наполеон мен Гитлердің жорықтарын, Мәскеумен қақтығыстағы Батыстың қателіктері туралы айтылды
АҚШ Ресеймен арадағы дауды жойып, Қытайға қарсы одақ құруға шақырды. Ресейдің "әлсіздігіне" қатысты ойлардан бас тартып,Берлиннің Мәскеумен келісім жасасу туралы қателітігін қайталамау туралы мәлімдеді. Бұл туралы Роберт Штарус-Хюпе атындағы гоесаясат кафедрасының басшысы Роберт Капланның мақаласында айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
National Interest басылымына берген сұхбатында Каплан ресейліктерден үлкен үміт күтетінін айтыпты.
"Ресей әрдайым Батыс өркениеті үшін қолайсыз "сынақ" болған және солай болып қала береді. Демек, бұған да көнген жөн", - деді ол.
Оның пікірінше, Ресей Федерациясы сырттан келген ережеге де, Наполеон мен Гитлердің билігіне де бағына қоймайды. АҚШ тұрғындары "Ресей Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей әлсіреді" деп ойлайды. Алайда Роберт Клапан мұны мақаласында жоққа шығарып отыр.
«Ресейде либералды режим пайда болса да, Мәскеу өз ықпалын шекарасынан тыс кеңейтуге мүдделі болады. Қазіргі уақытта Штаттарда Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы оқшауларға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Мұны түсіну үшін американдық саясаткерлер тәжірибесін талдауға мәжбүр болады», - деп қорытындылады Каплан.