Қазақстан жаңалықтары
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін жаңа сабақ енгізу керек екені айтылды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды деп жазады Bugin.kz платформасы.
Мәулен Әшімбаевтың “Жаһандану дәуірінде ұлттық құқндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі” тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда айтқан сөзін Sputnik Қазақстан жариялады.
«Білім беру оқу бағдарламасын түсіндірумен ғана шектелмеуі керек. Біздің ұлттық танымымызда білім әрдайым тәрбиемен қатар жүрген. Сондықтан бала адами әліппесін ата-анасымен қатар мектептен де үйренгені шарт. Білім мекемелері жанашыр, адал, жауапты, еңбекқор болуды ерте жастан баланың бойына сіңіруге тиіс. Сол себепті оқу бағдарламасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтарын қосып, оны жаңаша жасақтау мәселесін қайта қараған жөн болар еді», - деді сенат спикері.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеуде интеллигенцияның алар орны ерекше екенін атап өтті. Зиялы қауымның жаңа буынын қалыптастыру керек екенін ескерді. Ал олар XXI ғасырда ұлттық құндылықтарды сақтап әрі насихаттап жүретін ұрпақ болуы керек.
Әрі осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі атқарылуы керек екенін ескертті.