Қоғам
Qazaqstan телеарнасындағы кешкі уақыт түрік телехикаяларына арналған. Солардың ішінде, ел назарын бұрған су жаңа "Асау толқын" телехикаясы да бар. Таңдаулы актерлер таңдалған сериал шытырман оқиғаға толы. Олай болса кейіпкерлерімен таныс болыңыздар
•Шағатай Ұлысой – басты кейіпкерлердің бірі. Телехикаяда Яман Көпердің рөлін ойнайды. Ол 1990 жылы 23 қыркүйекте Стамбулда дүниеге келген. Жұлдызнамасы – бикеш. 2010 жылдан бастап кино әлеміне келген. Бойы – 190 см, салмағы – 87 кг. Анасы босниялық, ал әкесі болгар. Шағатай алғашында дизайн факультетіне түскен. Алайда жақындарының кеңесімен театр мектебінде қосымша білім алған. Ол 2012 жылы жарыққа шыққан "Фериха" телехикаясынан кейін әлемдік деңгейде танымал бола бастады.
•Серенай Сарыкая – басты рөлдегі кейіпкер. Телехикаяда Мира Бейлістің рөлін сомдайды. 1991 жылы 1 шілдеде Анталияда дүниеге келген. Көбінесе драма, мелодрама, комедия сынды жанрдағы телехикаяларда бой көрсетеді. Бойы – 175 см. Жұлдызнама бойынша- шаян. Кино әлеміндегі жолын 2006 жылы бастады. Актриса ғана емес, сонымен қатар, модель болып жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін барлығы 11 телехикаяға түскен.
•Барыш Фалай – телехикаяда Сәлім Серездің рөлін ойнайды. Ол 1972 жылы 9 сәуірде Эдремитте дүниеге келген. Бойы – 174 см. Әйелі – Эсра Ронабар. Бір баласы бар. Жұлдызнамасы – тоқты. Актёрлік жолы 2001 жылы бастау алған. Барлығы 19 телехикаяға түскен.
•Мине Тугай – телехикаяда Ендер Серездің рөлін сомдайды. 42 жаста. 1978 жылдың 28 шілдесінде Түркияда дүниеге келген. Бойы – 170 см. 1997 жылдан бері кино саласында жұмыс істеп келеді. Осы күнге дейін 22 телехикаяға түсіп үлгерген. Көбінесе драма, мелодрама секілді жанрларда жұмыс жасайды. Жұлдызнамасы- арыстан.
•Танер Өлмез – басты кейіпкерлердің бірі. Телехикаяда Мерт Серездің рөлін ойнайды. Бойы – 179 см. Стамбұл қаласында 1986 жылы 9 тамызда өмірге келді. Кино әлеміндегі жолын 2009 жылдан бері қалыптастырып келеді. Барлығы 15 телехикаяда бой көрсеткен. Қазіргі таңда тарихи киноға түсуде. Жұлдызнамасы – арыстан.
Телехикаяда шынайы сезім мен әлеуметтік теңсіздік көрініс табады. Ұлттық арнада әр күн сайын сағат 19:00-де басталады.