Әлем жаңалықтары

Қытай өз вакциналарының сапасыз екенін мойындады

Қытай алғаш рет рет өз кемшілігін мойындады. Денсаулық сақтау мамандары енді жекелеген вакцина жасауға кірісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Басылымдардың хабарлауынша, пресс-конференцияда денсаулық сақтау мамандары қытайлық вакциналардың сапасыз, әсері аз екендігін айтқан. Қытайлық орталықтың бақылаушысы Гао Фу батыстың мРНК технологиясы бойынша жасалған вакциналарын сапалырақ деп отыр. 

"Бізде өндірілген препараттар инфекциядан қорғану үшін өте әлсіз. Ең алдымен, біз иммунитетті көтеретін әрі өзгеше әдіспен дайындалатын вакцинаны жасап шығаруымыз керек", -  деп толықтырды маман. 

Бразилиядағы оқиғаларға байланысты елде препараттарды Sinovac Biotech Ltd өндіріс компаниясы шығарып отырғаны белгілі болды. Компанияның жеке мәліметтеріне сәйкес, бұл вакциналар адамды инфекциядан 80 %-ға қорғайды екен. Ал өзге компаниялардікі бұл көрсеткіштен де төмен. Мысалы, Sinopharm корпорациясын атап айтса болады. Ол өнімдердің әсері тек 79,3 немесе 72,5 %-ға жетеді. Ал CanSino вакцинасы 65%-ға дейін төтеп бере алады. 

Бүгінгі таңда Қытайдың 34 млн халқы вакцина алып үлгерген. Бірақ басшылық әлі шет елдерден вакцина алуға шешім қабылдамады. Себебі, ол немістермен америкалықтардың Pfizer вакцинасынан бірнеше адам қаза тапқанынан хабардар. Осы оқиғаға байланысты Қытай оларға вакцинаның нашар тұстарын мәлімдемегендері үшін ашулы. Денсаулық сақтау мамандары бұл туралы мәлімдеме жасаған. 

"Бәрі мРНК технологиясы бойынша жасалған өнімдердің кері әсерін біліп жүруі тиіс. Себебі, біз денсаулық үшін вакцинаға бей-жай қарамай, барлық өнімді жауапкершілікпен қабылдауымыз керек", деді.