Bugin

Әкім Ысқақтың "Көңіл қымбат" атты шығармашылық кеші өтті

Әкім Әбдіхайымұлы ғибратқа толы хикаяларын баяндап, талайдың жүрегін тебірентті. Ұлттық рух пен патриоттық сезім жайында ерекше атап өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

10-сәуір күні көпшілікке танымал ақын, сатирик, сазгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың "Көңіл қымбат" атты шығармашылық кеші өтті.

Жиын барысында ақынның жан серігі – Төрегелді Байтасовқа арналған көрініс құрылып, Әкім Ысқақтың сөзі мен әуеніне жазылған әндер қалың көпшілікке ұсынылып, өлеңдері оқылды.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі тұлғалар жиналып, әдеби кешті тамашалап, ыстық лебізін білдірді.

Әкім Әбдіхайымұлы ғибратқа толы хикаяларын баяндап, талайдың жүрегін тебірентті. Ұлттық рух пен патриоттық сезім жайында ерекше атап өтті.

Әкім Ысқақтың бүгінде «Қарлығаш», «Адам іздеп жүрмін», «Ордабасы», «Адамгершілік әліппесі», «Гүл қауызындағы тамшы», "Махаббат хаттары" сынды топтамалары бар. Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді, қалың көпшілікті туындыларымен таңдай қақтырудан жалықпайды.

"Бүгінгі кездесу маған ерекше әсер қалдырды. Бүгін әдебиетке жаны құмар жастардың бар екенін аңғардым. Киелі сахнадағы көріністерді тамашалап, өткен шаққа саяхат жасап келгендей болдым. Еліміз тыныш, деніміз сау, тұғырымыз биік болсын!",– деді өз сөзінде Әкім Әбдіхайымұлы Ысқақ.