Bugin
"Қазір 3,5 млн адам Daryn Online платформасында тіркелген. Бұндай дәрежеге жету үшін біз 3.5 млрд теңге қаражат жұмсауымыз керек еді"
Карантин кезінде қазақстандық оқушыларға тегін білім алу мүмкіндігін сыйлаған Daryn Online платформасы 80 млн теңге шығынға ұшыраған. Бұл туралы кәсіпкер Айбек Қуатбай Forbes.kz берген сұқбатында айтты.
Айбек Қуатбай – ауылдан шыққан кәсіпкер, Bugin Holding негізін қалаушылардың бірі. 2020 жылдың 13 мамырында жасалған Ералы Тоғжановтың мәлімдемесінен кейін Daryn Online оқушыларға тегін қызмет көрсетуді бастайды. Айбек Қуатбайдың айтуынша, компания бірнеше айдың ішінде 80 млн теңгеге шығынға ұшыраған.
"Иә, біз шығынға ұшырадық. Бірақ, бұл – жағдайдың бір жағы ғана. Министрліктің арқасында біз аудиторияны 0 теңгеге сатып алдық. Қазір 3,5 млн адам Daryn Online платформасында тіркелген. Бұндай дәрежеге жету үшін біз 3.5 млрд теңге қаражат жұмсауымыз керек еді" ,– дейді кәсіпкер сұқбатында.
Бұл жағдай компанияның дамуын тездетіп, команданы үлкейтуге септігін тигізген. Айбек Қуатбай компанияны шығыннан шығару үшін жарнама мен ақылы курстар қосқанын да тілге тиік етті.