МӘДЕНИЕТ

"Ахмет Ясауи" сериалы Қазақстанда көрсетіліп жатыр

Қазақстан мен Түркия арасында мәдени байланыс нығаймақ: жаңа сериалдың тұсауы кесілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан ұлттық арнасынан 19-шы сәуірден бастап «Ахмет Ясауи» сериалы көрерменге жол тартты.Туынды 26 бөлімнен тұрады.Түркі әлеміне ортақ тұлғаның өмір жолы көрсетілген сериалды Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясы түсірген. Баян Нұғман, Досым Зікірия, Жаннат Алдиярова сынды мамандар аудармашылық жасаса, Назық Қыпшақбай режиссерлік қызмет атқарған. Ал Түркияда бастауын алған сериалдың продюсері - Эсуф Эсенкал.

Сериал алғашқы бөлімін Қазақстан мен Түркияда бірдей уақытта көрсетті. Бұл Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияға іссапарымен байланысты.Тиісінше, «Абай» сериалы Түркияның TRT AVAZ телеарнасында көрсетілетін болды. Сонымен бірге екі ел өкілдері түркі халықтары үшін тарихи маңызы жоғары тұлға - Қорқыт ата туралы сериал түсіруді жоспарлады. Бұдан өзге қос мемлекеттің телерадиокомпаниялары балаларға арналған анимация фильмдер жасауды да жоспарлады.

Ахмет Ясауи сериалын Түркия кинематографистері «мавера» деп атайды. Араб тілінен аударғанда бұл сөз «әлемнің көрінбейтін қырлары» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым Османлы көне тілінде қолданылған. Ал қазақша «тылсым әлем», «басқа дүние» деп тәржімелеуге болады. Сериал қызықты оқиғаларға негізделген, жаңа форматта түсірілген. Тұлғаның көпшілікке белгісіз оқиғалары айтылған сериал көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде.

Қожа Ахмет Ясауи - сопылық поэзияның негізін салушы, мұсылмандардың рухани ұстазы болған діни қайраткер. Қазіргі таңда Түркістан қаласында орналасқан ғұламаның кесенесі туристердің көп аралайтын қасиетті мекеніне айналған.