Hi-Tech
Микропластиканың зияны қандай?
Микропластика - бұл мөлшері бес миллиметрден аспайтын бөлшектер және қоршаған ортадағы пластикалық заттардың жойылуының нәтижесі. Микропласт бөлшектері улы заттарды жинақтайды, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Атап айтқанда біздің тіршілік ету ортамызды ластайды, тіпті адам ағзасына еніп, зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан ғалымдар бактериялардың көмегімен суды микропластикадан тазартудың жаңа әдісін тапты.
Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары бактериялардың тақта тәрізді жабысқақ зат биофильм түзетінін анықтады.Олар Pseudomonas aeruginosa биофильмін ойлап тапты, ол микропластиканы ұстап қалуға және жинақтауға қабілетті.
Әзірге бұл нақты емес, әлі де қосымша зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, сынақтар адамға қауіпті бактериялық штаммды қолдану арқылы жүргізілді. Алайда, ғалымдар бұл әдісті ұзақ мерзімді зиянсыз бактериялар арқылы қолдануға болады деп санайды. Әдістің басты артықшылықтарының бірі - қоршаған ортаға зиянсыз табиғи микроорганизмдердің арқасында ластануды жою.
Зерттеушілердің бірі Лю Ян болашақта ғалымдар ағынды суларда өмір сүретін және биофильм жасай алатын бактерияларды суларды тазартуда пайдалануды жоспарлап отыр. Осылайша, олар микропластиктердің мұхиттарға енуіне жол бермейді.