Bugin

"Қайрат" өз тарихында алғаш рет "Барселонадан" жеңілді

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар Лигасының жартылай финалында испаниялық "Барселонаға" есе жіберді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Хорватияның Задар қаласындағы кездесу испаниялық ұжымның пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Алматылық ұжым сапынан ойынның 25-ші минутында Диего Фаверо және 36-минутта Фернандиньо көзге түсті. Ал "Барселона" ойыншысы Феррао ойынның 16,21,33-ші минуттарында көзге түсіп, хэт-трик авторы атанды.

Бұған дейін екі ұжым 2013 және 2019 жылдары жартылай финалда, 2015 жылы финалда кездесіп, үшеуінде де қазақстандық клуб басым түскен еді. Осылайша Рикардо Кака шәкірттері алғаш рет испандық клубқа есе жіберді.

 "Барселона" финалда Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсететін Португалияның "Спортингімен" кездесетін болды. Финал 4 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.;