Bugin
Түркістан облысының тұрғыны 18 баланы асырап алып, көп балалы ана атанды.
Түймегүл Ергешқызының ұл-қыздары отау құрып, жеке шыққан. Ал ең кішкентай баласының жасы екіде. Түймегүл ханымның үй іші ешқашан іш пыстырарлық халге түскен емес. Себебі, оның шаңырағының астында 14 бала өмір сүреді. Алайда олар асыранды балалар. Ең алғашқы сәбиді Түймегүл осыдан 20 жыл бұрын асырап алуға шешім қабылдаған болатын. Содан кейін отбасы жыл сайын толыға бастаған. Бүгінде жанұя Кентаудағы көп балалы отбасылардың қатарына жатады.
Түймегүл ханымның өзі үлкен отбасыда өскен. Сондықтан ол үйде барынша көп бала болғанын қалайды. Бірақ Түймегүл бастапқыда сәбилерді өсіп, жетілдірудің қиын болғанын мойындады. Алайда кейіннен балалар ер жетіп, бір-біріне қарайласа бастаған көрінеді. Сондықтан да от анасының ісі бірнеше есеге жеңілдеген. Балалары жайында ол:
"Мен бұл жолды таңдағаныма өкінбеймін. Себебі бұл бастама маған бақыт әкелді. Менің балаларымның ұлттары әртүрлі. Олардың ішінде: қазақ, өзбек, орыс және кәріс бар. Мен барлығын бірдей жақсы көремін. Оларға қамқор болып келемін" деп өз ойын білдірді.
Түймегүлдің бүгінде өз кәсібі бар. Ол кафе және дүкен орталықтарын ашқан. Көп балалы ананың бүгінгі таңда 18 баласы және 4 немересі бар.