Bugin

Зорланған: Грузияда қайтыс болған қазақстандық әйелдің ісі бойынша күдіктіні тапты

Тбилисиде суицид жасаған 26 жасар қазақстандық әйел - Әсел Айтпаеваның зорланғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузия елінің прокуратурасы, 5 мамырда Тбилисиде суицид жасаған 26 жасар қазақстандық әйел Әсел Айтпаеваның зорланғаны туралы мәлімдеді . Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Тергеу барысында анықталғаны 2021 жылдың 5 мамырында күдікті қызды "Өлтіремін" деп қорқытып, зорлаған. Нәтижесінде Әсел ауыр психикалық жағдайда өзіне-өзі қол жұмсаған.

Полиция күдіктіні 6 мамырда ұстаған. Грузияның бас прокуратурасы күдіктіге «Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын зорлау» және «Жәбірленушіні қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе оның ар-намысы мен қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы, өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу»  бабы бойынша айып тағып отыр.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Тбилисиде Әсел Айтпаева 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Өлімнің алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгереді. Аудиодан ер адам оны зорлық-зомбылықпен қорқытқаны естіледі. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Әсел Айтпаеваның денесін туған жеріне жеткізуге көмектесетінін жеткізді.