Bugin
9 мамырда Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда маңызы зор құрметті мереке - Жеңіс күнін атап өтеді.
1941-1945 жылдар аралығында жүрген соғысқа Қазақстандағы әр отбасының қатысы бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанның 1 млн 800 мың шамасында азаматы майданға аттанды. Жүздеген мың отандасымыз ұрыс даласында көрсеткен ерлігі үшін орден-медаль алды, ал 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғысының барлық қатысушысына зор құрмет көрсетіп, қамқорлық жасап келеді. 2020 жылдың мамырында “Ардагерлер туралы” заң қабылданды, онда әлеуметтік қолдау көрсетудің ұйымдастыру, экономика және құқық негіздері анықталды.
Осы орайда Ruh.kz порталы сын сағатта от кешкен батырлар, есімі қазір елді мекендер мен түрлі ұйымдарға берілген жандардың ерлігі, қатерлі сәтте тайынбаған отандастарымыз жайлы естеліктер топтамасын дайындады. Әріптестеріміздің еңбегін назарыңызға ұсынамыз!